Нектар Солнечный балшырыны – бағасы жағынан тиімді, сапалы, табиғи шырын. Оның құрамында бояғыштар мен консерванттар жоқ.

Нектар Солнечный балшырыны аз қоюландырылған, сондықтан шөлді тез қандырады, тынысыңды ашып сергітеді.

Нектар Солнечный балшырыны өмірді мәнді де жарқын етеді, тіршіліктің қарапайым қуаныштарынан ләззат алуға мүмкіндік береді және әрбір жұмыс күнін мерекеге айналдырады!

A’SU суы – бұл табиғи тазартуынан өткен тау шыңындағы еріген мұз суы.

A’SU өндірушісі өнімінің жоғары сапасы үшін Қазақстан Президентінің «Алтын Сапа» премиясын иеленді.

A’SU заманауи жабдықтарда өндіріледі.

Мөлдір заттаңбасы мен шөлмегінің ерекше пішіні оның сырт келбетін тартымды да танымал етеді.

A’SU толық қанды өмір сүретін белсенді адамдарға арналған.

A’SU нарықта өзінің орнын тауып, әлі де озаттықа ұмтылуда!

Шәйдің негізіндегі Lipton Ice Tea сусынында бірегей дәмдік сапа бар. Оның жағымды сергіткіш дәмі мен табиғилығы белсенді және салауатты өмір салтының ұстанушыларын өзіне еліктіреді.

LIPTON ICE TEA – ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ СЕРГІТ ЖӘНЕ ТАБИҒИ КҮШ-ҚУАТ АЛ.

Lipton Ice Tea шәйі бойына жеміс-жидектер қосылған табиғи энергияны сіңірген. Оның тәттілігі қалыпты ғана, антиоксиданттарға бай және құрамында жасанды ингредиенттер мен консерванттары жоқ. Сондықтан, ол тек тәтті ғана емес, пайдалы да болып табылады.

Lipton Green Ice Tea шәйінің әрбір бөтелкесі сізге жаңа ғана қайнаған көк шәйдің бүкіл күші мен пайдалы қасиеттерін, бірақ анағұрлым дәмді және қолайлы қалпында береді.



Да-Да шырындар мен балшырындары – Қазақстандағы ең белгілі сауда белгілерінің бірі. Жоғары сапалы ингредиенттер, консерванттар мен бояғыштардың жоқтығы, кең ауқымды ассортимент пен мүлтіксіз жоғарғы сапа – міне, осы қасиеттері үшін Да-Да-ны таңдайды және бағалайды.

Өз сатып алушыларымыз өздеріне және жақын адамдарына қалай қамқорлықпен қараса, біз де оларға дәл сондай қамқорлықпен қарауға тырысамыз. Сондықтан да біз тек қана 100%-дық табиғи және пайдалы өнімді ұсынамыз.

Осы өткен 10 жылдың ішінде Да-Да – кездесулер, мейрамдар және таза ауада демалу кездеріндегі айнымас белгіге айналды. Да-Да өз сатып алушыларының жанұялық құндылықтарын бағалайды, олармен бірге қарапайым дүниелерге қуанады және мейірімділікпен жайлылық сезімін ұялатады.

Да-Да-Дэй шырындар мен шәрбаттары – бұл Қазақстандағы ең бір белгілі деген сауда белгілерінің бірі. Жоғарысапалы ингредиенттер, консерванттар мен бояғыштардың жоқтығы, кең ауқымды ассортимент пен мүлтіксіз жоғарғы сапа – міне, осы қасиеттері үшін жұрт Да-Да-Дэй-ны таңдайды және бағалайды.

Өз сатып алушыларымыз өздеріне және жақын адамдарына қалай қамқорлықпен қараса, біз де оларға дәл сондай қамқорлықпен қарауға тырысамыз. Сондықтан да біз тек қана 100%-дық табиғи да пайдалы өнімді ұсынып отырмыз.

Осы өткен 10 жылдың ішінде Да-Да-Дэй – кездесулер, мейрамдар және таза ауада демалу кездеріндегі айнымас белгіге айналды. Да-Да-Дэй өз сатып алушыларының жанұялық құндылықтарын бағалайды, олармен бірге қарапайым дүниелерге қуанады және мейірімділік пен жайлылық сезімін ұялатады.

Gracio – құрамында 100%-дық табиғи, жеміс бөлігі көп, жоғары сапалы шырын болып табылады.

Gracio шырыны, өзінің қою да тартымды дәмімен, жоғарғы деңгейдің және қайталанбас бірегейліктің белгісіне айналды. Шырынның керемет дәмі, нақышты және қазіргі заманға сай қаптамасы Gracio-ның тұтынушысын көпшіліктің ішінен бірден аңғартады, оның мәртебесі мен ерекшелігін айрықша көрсетіп тұрады.

Pepsi – PepsiCo компаниясының алкогольсіз газдалған сусыны, әлемнің ең белгілі халықаралық брендтерінің бірі. Оны тіпті біздің ғаламшардың барынша шалғайда орналасқан жерлерінде біледі және жақсы көреді.

Pepsi-ді тұңғыш рет 1898 жылы Солтүстік Каролина (АҚШ) штатына қарасты Нью-Берн қаласында жас дәріханашы Калеб Брэдхем жасаған. Сауда белгісі 1903 жылдың 16 маусымында тіркелді. Әуелде бұл бренд Pepsi-cola деп аталды, бірақ 90-жылдарда, ребрендингпен қатар, бұл атауды оңайлату және қысқарту шешімі қабылданып тек «Pepsi» сөзі ғана қалдырылды .

Pepsi – көңіл көтергенді ұнататын, толықтай беріліп дем алатын және бар құмарымен өмір сүретіндер үшін жасалған! Сондықтан бүкіл дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстандағы жарнама кампанияларында осындай өмірдің нағыз үлгі болып табылатын шоу-бизнестің ең белгілі жұлдыздарының аттары қолдаланылады.

Апорт – жарқын пайдалы шырын, оның табиғи да пайдалы қасиеті, газдалған сусынның жеңіл де балғын дәмімен мінсіздей үйлесімді болып келеді!

Дәмді, пайдалы және өте жарқын Апорттың құрамында табиғи шырынның 50% және көпіршікті судың 50% бар.

Осындайды сіз әлі көрмедіңіз!Апорттың Қазақстанда баламасы жоқ, бұл – нағыз бір жаңалық!Барлығы Апорттың дәмін татып көріп, оны басқаларымен бөліскісі келеді!

Апорт – жемістердің рахатын көріңіз!

7UP – лайм дәмі бар тәтті газдалған сусын.

Сусынның формуласы, оған «Bib-Label Lithiated Lemon-Lime» ұзын және айтылуы қиын ат берген американдық Чарльз Лейпер Григг 1929 жылы жасап шығарған сәттен бастап бірнеше рет өзгерген. Формуланың соңғы өзгертілуі 2006 жылы іске асырылған. Осы сәтке дейін 7UP формуласына 7 ингредиент кірген, соның арқасында 1936 жылы брендтің қазіргі аты берілді. «UP» жоғары көтерілетін көпіршіктерді білдіреді.

Өзінің құрамдас бөліктерінің арқасында, 7UP бірден көңіл-күйді көтереді. Сондықтан сусынның ұраны және барлық жарнама кампанияларының мағынасы – «мұңайма!» дегенді білдіреді. 7UP адамдарды тіпті ең бір күрделі жағдайлардан әрқашан да оңай жол табатын нағыз сеніммен қараушылар етіп шығарады.

Мое сүті майлылық деңгейі жағынан да, дәмдеуіш қоспалары бойынша да өнімнің кең ауқымды ассортиментінде ұсынылған. Мое сүті – нағыз табиғи, дәмді де пайдалы болып табылады!

Біздің сүтті өндірген кезде: 
- тек қана ең жоғарысапалы шикізат пайдаланылады;
- жоғарытемпературалық технология дәрумендердің, ақуыздар мен басқа да қоректік заттардың сақталуына кепілдік береді;
- консерванттар мен жасанды қоспалар қолданылмайды;
- ал бірегей қаптамасы өнімді жарық пен ауаның әсерінен қорғайды, оны бөлме температурасы кезінде 6 ай бойында өз қалпында сақтап тұрады.

Mirinda – шырын қосылған тәтті газдалған сусынның бүкіл әлемге танымал бренді.

Миринданың әртүрлі дәмге ие көптеген түрлері бар, олар: апельсин, алма, грейпфрут, құлпынай, ананас, банан, жүзім.

«Mirinda» аты халықаралық «эсперанто» тілінен алынған, және түпнұсқасы «admirable, wonderful» - «қадырменді, тамаша» дегенді білдіреді.

«Гризли» қазақстандық табиғи картофельден дайындалған және жоғарысапалы пальма майында қуырылған.

«Гризли» чипстері – қазіргі заманғы және белсенді адамның айнымас серігі. Олар қарынның ашығуын тез басуға және энергияның қуатты көзін алуға мүмкіндік береді! Қай жерде болмасын, серуен кезінде де, кинотеатрда да, пикникте де немесе басқосу кезінде де, «Гризлидің» қайталанбас дәмдері өміріңді бұрынғысынан да қызықты және жарқын түске бояйды!

«Пиала GOLD» шайымен өмірдің жарқын да ұмытылмас мезеттерін өлшеуге болады.

Құрбыңмен әңгімелессең де, жанұямен дастархан басына жиналсаң да, жақыныңмен жүздессең де – кез келген уақиға барысында «Пиала GOLD» шайының бір-екі, тіпті одан да көп кесесі ішіледі.

«Пиала GOLD» шайларының алуан түрлі қатары, әркімге өз шайын таңдауға мүмкіндік береді. Шай жапырағын тураудың арнайы тәсілі «Пиала GOLD» сергітетін сусынның барлық пайдалы заттардың сақталуына мүмкіндік береді.

«Пиала» шайы әрқайсысының бірегей дәмдік сипаттамалары бар жоғарысапалы сұрыптардан дайындалған.

Аквафина – өзінің тазалығы үшін құрамына 7-сатылы тазарту жүйесі кіретін алдыңғы қатарлы HYDRO-7 технологиясына қарыздар.

Осы жүйенің арқасында, «Аквафина» дәмі жағынан бұлақ суын еске түсіреді және БДҰ-ның (Бүкіләлемдік Денсаулықсақтау Ұйымы) жоғарғы стандарттарына толықтай сәйкес келеді.

Біз үшін қандай су барынша пайдалы болады? Әрине, мөлдір, таза және, мүмкіндігінше тұщы су. Минералды суды, диетологтардың ұсыныстарына сүйене отырып, құрамында тұздардың тым көп болуы себебінен, тек уақыт өткен сайын ғана ішіп отырған жөн. Сондықтан күнделікті тұтыну үшін бөтелкеге құйылған тұщы ауыз суы жарайды.